Жамбыл облысы экономиканың барлық саласында жақсы нәтижеге қол жеткізді

None
None
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 11 айында Жамбыл облысы экономикасының барлық салаларында оң нәтижелерге қол жеткізілген. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жиынның күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасады.

Ол үстіміздегі жылдың қаңтар-желтоқсан айларында облыс экономикасының барлық салаларында оң көрсеткіштер сақталып отырғанын жеткізді. Атап айтқанда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс секілді алты негізгі саланың даму динамикасын қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор он бір айдың қорытындысымен 105,2 пайызды құраған. Жыл қорытындысымен де экономикалық көрсеткіш осы деңгейде сақталады деп күтілуде. Ал, жалпы өңірлік өнімнің өсім динамикасы жоспардағы 104,2 пайыз деңгейінде қалыптасады деп жоспарлануда. Ағымдағы жылдың он бір айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп 6,3 пайызға өссе, оның 74 пайызы өңдеу саласына тиесілі.

Асқар Исабекұлы он бір айлық көрсеткіш бойынша облыстың экономикалық дамуы Үкіметте оң бағаланғанын айтып, жыл соңына дейін осы жоғары динамиканы сақтап тұруға барынша күш салу керектігін ескертті.

Жиын барысында облыс әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаров, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Тимуржан Нұрымбетов, ауылшаруашылық басқармасының басшысы Берік Нығмашов баяндама жасап, өз бағыттары бойынша күтіліп отырған көрсеткіштерге тоқталды.

Сондай-ақ, басқосуда салалардағы жетістіктермен қатар, жылдық жоспардың орындалмауы мүмкін көрсеткіштер де айтылды. Ол бойынша селектрлік режімде қатысып отырған аудан әкімдерінен сауалдар жолданып, жауаптар алынды.

Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов жылыту маусымының ойдағыдай өту барысына, сатып алынған көмірлердің сапасына, азық-түлік бағаларын қатаң бақылауда болуына, атаулы әлеуметтік көмектің жаңа талаптары бойынша түсіндіру шараларының жүйелі жүргізілуіне айрықша көңіл бөліп, тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.



Соңғы жаңалықтар