+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек дүниеден озды

2021 жылғы 4 тамыз 11:24
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек дүниеден озды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек өмірден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыс әкімінің баспасөз қызметі растады. Ресми мәліметке сенсек, 58 жастағы облыс әкімінің орынбасары тыныс алудың қиындауынан көз жұмған.

Ұлан Жазылбек 1962 жылы туған.

1984 жылы Алматы сәулет және құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы, ал 2009 жылы Қонаев атындағы университетті «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы бастаған ол әр жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.

Мемлекеттік қызметте де мол тәжірибесі бар.

Алматыдағы сәулет-құрылыс бақылау департаментіні сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің бас маманы, басшысы (2005-2009), «Қорғас» халықаралық шекаралық әріптестік орталығы» АҚ департамент директоры, «Қорғас-сервис» ЖШС құрылыс бөлімінің басшысы (2009-2011), Алматы қаласындағы сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары (2011-2013), ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары (2013-2014), ҚР Ұлттық экономика министрлігінің инфрақұрылым және экономиканы дамыту департаментінің директоры (2014-2017) болды. 2017 жылғы шілде-қарашада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеді, 2017 жылғы қарашадан бастап 2020 жылғы ақпанға дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың мамыр айынан бері атқарып келген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT