+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

2020 жылғы 17 ақпан 23:08
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат –ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып Ержан Жылқыбаев тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Бердібек Сапарбаев: Азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу қажет Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің жаңа төрағасы сайланды Мәжіліс депутаты Гүлшара Әбдіқалықованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Жылқыбаев Ержан Жұматұлы 1982 жылы туған. Білімі – жоғары. 2003 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандығы бойынша, 2011 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Экономика департаментінің бас маманы болып бастаған.

Әр жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мемлекеттік активтер басқармасының саясат департаментінің бөлім бастығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары, ШҚО Семей қаласы әкімінің орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (Жамбыл облысына жетекшілік етті), Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауызымдарында болған.

2019 жылғы наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарып, бүгін лауазымынан босатылған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау, Жамбыл облысы,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT