+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Жамбыл облыстық құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2021 жылғы 20 сәуір 12:23
Бөлісіңіз:
Жамбыл облыстық құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Орумбаев Ерлан Құрмантайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚР АҚДМ Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды Қазақстанда биыл 600 шақырымға жуық жол жөнделеді Маңғыстау облысы қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Орумбаев Ерлан Құрмантайұлы 1978 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданында туған, білімі жоғары («инженер-механик», «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген).

Еңбек жолын 2000 жылы Қордай ауданы әкімінің жастар ісі, спорт және туризм басқармасында бас маман болып бастаған.

Әр жылдары Қордай ауданы әкімінің жастар ісі, спорт және туризм басқармасының бастығы, Қордай ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы, Қордай аудандық спорт бөлімінің меңгерушісі, Қордай аудандық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы, «Нұр Отан» ХДП Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Romaks KZ» ЖШС логистика бөлімінің маманы, бөлім басшысы, Қордай ауданы әкімі аппаратының бас маманы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-экономикалық бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. Қордай аудандық мәслихатының V шақырылымындағы депутаты болған.

2018 жылғы тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қордай ауданы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT