Жаманқұловтың ісі бойынша фигуранттың өтініші қанағаттандырылмады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының №2 Медеу аудандық соты «Феникс» фильмінің түсіріліміне арналған бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ лауазымды тұлғалары мен «Т.К. Turan Universal Business» ЖШС қызметкерлеріне қатысты сот жалғасуда, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Іс бойынша 9 адам сотталып жатыр: ҚР халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, картина режиссері Талғат Жәнібеков, «Қазақфильм» топ-менеджері Гаухар Ысқақова, фильмнің атқарушы продюсері Наталья Юдина, 

картина редакторы Ғизат Сұлтанов, түсірілім тобының директоры Марлен Әбішев, ЖШС өкілі Данияр Әбдіқадыров, жеке кәсіпкер Илья Коробейников және картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев.

 

Гаухар Ысқақованың адвокаты оның денсаулығына байланысты кепілге жіберу немесе үйқамаққа алу туралы өтініш берген, сот оның өтінішін қанағаттандырмады. Соттың пайымынша, бұлтартпау шарасын өгертуге еш негіз жоқ.

Атап өтейік, бұдан бұрын қорғаушылар Ысқақованы босату туралы өтініш берген, алайда сот оны қанағаттандырмай, абақтыда ұстау мерзімін ұзартқан болатын.

 

Еске салсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро «Феникс». фильмін түсіруге арналған бюджет қаражатын қымқырғанын анықтаған. Тергеу барысында анықталғандай, «Қазақфильм» «Феникс» фильмінің бастапқы түсірілімі, дайындық кезеңіне Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-ға 79 млн теңге аударған.

Күдікті ретінде Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды, кейін ол өз кінәсін мойындап, кепілге босатылды. Желтоқсан соңында уақытша ұстау оқшаулағышына картина режиссері Талғат Жәнібеков қамалған.

Бұдан бұрын, Тұңғышбай Жаманқұлов 5,3 млн теңгенің орнын толтырғаны хабарланған еді.

 

 

Соңғы жаңалықтар