Жалпыға ортақ декларациялау аясында тексеру тетіктері қандай болмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов кірісті жалпыға ортақ декларация тапсыру аясында жүргізілетін тексеру тетіктерін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпыға ортақ декларациялау басталған кезде кіріс пен шығыс арасындағы айырмашылық көрінетін болады. Сондықтан да бүгінде заңнамамен айтарлықтай айырмашылық ретінде 10 пайыздық салық айырмасы белгіленген. Ендігі уақытта мұндай айырмашылық қаржылық тексеруге түрткі болады», - деді агенттік басшысы үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн-кездесуде.

Осы ретте агенттік ойын тарқата түсіндіріп берді.

«Егер мемлекеттік қызметші бүгінде шамамен 10 млн теңге табыс алатын болса, ал шығысы 100 млн теңгеге жетсе, онда «бұл қаражатты қайдан алды» деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Ол оның заңды алынған кіріс екендігін көрсетсе ешқандай сұрақ туындамайды. Ал егер ол түсіндіре алмаса, онда оның көлегейлі бизнесі болуы мүмкін. Оның жемқорлықпен табылған ақша болуы міндетті емес. Демек, кірістің қайдан алынғанын түсіндіре алмаса, онда қаражаттың қалған 90 пайызы айыппұл түрінде тәркіленеді», - деді Марат Ахметжанов.


Соңғы жаңалықтар