Жалғас Жұмағұловтың UFC алаңындағы алғашқы айқасын қайдан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 12 шілде күні таңертең қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC алаңында өзінің алғашқы айқасын өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әбу-Даби қаласында өтетін UFC 251 турнирінде қазақстандық спортшы бразиялиялық Раулиан Пэйвамен күш сынасады.

Қазақстандағы ММА көрермендері бұл жекпе-жекті тікелей эфирде «Qazsport» телеарнасынан тамашалай алады. Жарыс Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 03:55 шамасында басталады.

Трансляция кезінде сонымен қатар, кештің басты айқасы - Камару Усман мен Гилберт Бернстің кездесуі де көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Жалғас Жұмағұлов пен Раулиан Пэйва Әбу-Дабиге ұшып келіп, коронавирусқа тест тапсырып үлгерді.

Бұл - Жалғас үшін әлемдік ірі промоушендегі алғашқы жекпе-жек. Ал Пэйва осымен төртінші рет UFC алаңына шығып, өнер көрсеткелі отыр.


Соңғы жаңалықтар