Жалғас Жұмағұлов UFC-де өткізген екінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (13-4) UFC-де екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 257 турнирінде жұдырықтасты. «Жауынгерлер аралында» қазақстандық спортшы швед Амир Альбазиге қарсы шықты (13-1). Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа созылды және төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Альбазидің жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Амир Альбази өз карьерасындағы 14-ші, UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Жалғас Жұмағұлов болса, 5-ші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, 32 жастағы жекпе-жек шебері UFC-ге алғаш рет өткен жылдың маусым айында шықты. Ол төрешілердің шешімімен бразилиялық Раулиан Пайвеге (20-3) жеңілді, алайда бұл шешім көпшілік арасында дау тудырды.






Соңғы жаңалықтар