Жалғас Жұмағұлов Еуропаның үздік 5 жекпе-жек шеберінің қатарына кірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық ММА шебері Жалғас «Жако» Жұмағұлов (11-3) жеңіл салмақтағы Еуропаның ТОП-5 тізіміне енді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Қазақстандық «FIGHT NIGHT GLOBAL 86» турнирінде америкалық нокаутшы Тайсон Нэмді жеңгеннен кейін беделді fightmatrix.com сайтының нұсқасы бойынша үздік еуропалық жекпе-жек шеберлері рейтингінде бесінші орын алды.

Жеңіл салмақтағы Еуропаның ТОП-5 үздік балуандары мыналар:

1. Асқар Асқаров (9-0-0, Ресей),

2. Юнус Евлоев (22-8-0, Ресей),

3. Али Багаутинов (17-6-0, Ресей),

4. Магомед Бибулатов (14-1-0, Ресей),

5. Жалғас Жұмағұлов (11-3-0, Қазақстан).

Айта кетейік, осы рейтингте жеңіл салмақта 11-орында қазақстандық Арман Әшімов (8-2-1), 51-позицияда отандасымыз Асу Алмабаев (6-2-0) тұр. 

Соңғы жаңалықтар