Жалған және жасырын көлік нөмірлері: Павлодар облысында 44 бұзушылық анықталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Солардың бірі 27 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы павлодарлық полицейлер жалған немесе жасырын мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көліктерді, нөмірлерін жасыруға немесе өзгертуге мүмкіндік беретін құрылғылар мен материалдармен жабдықталған көлік құралдарын тізгіндеген 44 жүргізушіні анықтады», - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2020 жылдың басынан бері мұндай үш факті тіркелді.

«Павлодар қаласында 14 қаңтарда Кривенко көшесі, 85 мекенжайында полиция қызметкерлері 27 жастағы Павлодар тұрғыны тізгіндеген Toyota Highlander маркалы көлікті ұстаған. Бұл көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірінде әріптері мен сандарын жасыруға мүмкіндік беретін элементтер орнатылған», - деп мысал келтірді тәртіп сақшылары.

Жүргізушіге қатысты «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу» бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Іс материалы әкімшілік сотқа жіберілді. Бұл бап бойынша 20 АЕК (53 020 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе бір жылға жүргізуші құқығынан айырылады.

«Тәртіп сақшылары мемлекеттік нөмір белгісін тәркіледі. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды», - деді баспасөз қызметінен.

Автор: Антон Гагарин



Соңғы жаңалықтар