Жалған вакцинация паспортын жасау: 4 қылмыстық іс қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Жалған вакцинация паспорттарын пайдалану фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ВАК отырысында Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ПТР-тестілерді қолдан жасау және өткізу фактілері бойынша жыл басынан бері полиция органдары 23 қылмыстық іс, ал жалған вакцинация паспорттарын пайдалану фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалғанын баяндады.

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Ішкі істер министрлігіне ПТР-тест нәтижелерін және вакцинация паспорттарын қолдан жасаумен айналысатын адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар