USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Жалған вакцинация паспортын жасағандарға қандай жаза қолданылады

2021 жылғы 30 қараша 16:55
Бөлісіңіз:
Жалған вакцинация паспортын жасағандарға қандай жаза қолданылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде осы жылдың басынан бері коронавирус инфекциясына қарсы жалған вакцинация паспортын жасаудың 207 фактісі тіркелді. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалған вакцина паспорттары мен ПТР-анықтамасын дайындау және сатумен айналысатын адамдарды анықтау мақсатында Ішкі істер министрлігінің жауапты құрылымдық бөліністері тиісті жұмыстарды үнемі жүргізіп келеді. Жалған құжаттарды сату бойынша берілген хабарландыруларды анықтау үшін интернет желісіне, әлеуметтік желілерге және мессенджерлерге мониторинг жүргізіледі», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері ішкі істер органдарында барлығы 321 іс тіркелді.

Оның ішінде ПТР-тесті қолдан жасау бойынша – 114 факт, вакцина паспорттарын қолдан жасау бойынша 207 факт бар.

«Бұл құқық бұзушылық үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша жалған құжат жасағандарға 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған», -делінген таратылған ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT