Жалған вакцина паспортын сату: 2 емхананың басшысы жұмыстан кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жалған вакцина паспортын жасау ісіне қатысы бар екі емхана басшысы жұмыстан қуылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құжатты қолдан жасауға қатысы бар екі емхана басшысы, алты дәрігер мен медбикелерді жұмыстан шығаруға тура келді. Осындай жағдай болмауы үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, бейнекамера саны көбейтілді, бақылаушылар жұмысы күшейтілді», - деді басқарма Нариман Табынбаев.

Оның айтуынша, жаппай вакциналау басталғалы бері қалада жалған құжат жасау бойынша 16 жағдай анықталды.
«Бұл жаппай вакциналау басталған кезеде орын алды. Үш емханада факті анықталды. Шамамен 16-ға жуық жағдай тіркелді. Қазір іспен тергеу органдары айналысып жатыр», - деді Алматының бас дәрігері.
Басқарма басшысы барлық дерек тергеу жүргізу үшін полицияға жолданғанын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар