Жалған көлік нөмірімен жүрген қызылордалық жылдамдықты 60 рет асырған

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордада көліктеріне жалған нөмір тағып алған жас жігіттер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордалық полицейлер көлігіне жалған мемлекеттік нөмір белгісін таққан жүргізушілерді анықтады. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

28 ақпан күні «Ваз 21210» маркалы автокөлігіне жалған нөмірді таққан Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғын анықталды. Бұл автокөлік жылдамдықты асырғаны үшін «Аркан» құрылғысына жалпы 60 мәрте түсіп қалған. Оған 1 млн 534 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, жалған мемлекеттік нөмір белгісін «Lexus NX 300» көлігіне 23 жастағы қала тұрғыны тағып алғаны белгілі болды.

«Қазіргі таңда аталған жүргізушілерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 4-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Онда жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару жағдайы көрсетілген. Әкімшілік істер Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына тиісті шешім қабылдау үшін жолданды. Көлік құралдары айып алаңына қойылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар