Жалақының уақтылы берілуін бақылайтын мониторингті күшейтеміз – Нұрымбетов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жұмыс орындарының сақталуы мен жалақының уақтылы төленуін бақылайтын мониторинг жұмысының күшейтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сыртқы нарықта қалыптасып жатқан жағдай және ішкі экономикаға түсіп жатқан салмаққа қарамастан Үкімет тарапынан халықтың алдында алған барлық әлеуметтітк міндеттеме орындалады. Біздің елімізде 4 миллионнан астам зейнеткер, әртүрлі жәрдемақы алушы бар. Оларға тиісті қаражат – 3 трлн 400 млрд теңге көлемінде қарастырылған», - деді Біржан Нұрымбетов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуына қарағанда, жұмыспен қамту шаралары да толығымен жүзеге асырылатынын мәлім етті.

«Бұл ретте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының әлеуеті пайдаланылады. Қаражат республикалық және жергілікті бюджеттен қарастырылған. Жұмыс беріп жүрген азаматтардың жұмыс орындарының сақталуы, жалақының уақтылы төленуін бақылайтын мониторинг жүйесі бар. Осы мониторинг жұмысын сәл күшейтуге тура келеді», - деді ол.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекет әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде қаржыландыратынын айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар