Жақып Асанов Сот төрелігі академиясын сынға алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов Сот төрелігі академиясының жұмысындағы кемшіліктерді атап көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Сот төрелігі академиясы әлі де сот кадрларының негізгі тасымалдаушысы болуы керектігін айтқан едім. Бірақ 2019 жылды есептемегенде кейінгі үш жылды алып қарасақ, академияны бітірушілердің тек 16 пайызы судья болған. Академияда қалған түлектердің не істеп жүргенін білесіз бе?» - деп сұрады Жақып Асанов 2019 жылдың қорытындылары бойынша қазақстандық соттардың отырысында.

Жоғарғы сот төрағасының айтуынша, қазіргі таңда академия түлектерінің қандай мемлекеттік органда жұмыс істеп жатқаны талданып, зерттелу үстінде.

«Кімдің нақты қайда жүргені бір айдың ішінде белгілі болады. Себебі, үш жарым жылдың ішінде біұл мәселе бір рет те болса зерттелуі тиіс еді. Биыл біз 17 қаңтардан бастап оқуға рұқсат беру туралы түзетулер жобасын енгізіп, Жоғарғы сотқа жолдадық. Оған сәйкес, академияны бітіргеннен кейінгі талаптар бойынша толықтырулар енгізілген», - деді академия ректоры Зәуреш Баймолдина.

Жақып Асановтың айтуынша, егер Жоғарғы сот бұл ұстанымды қолдаған жағдайда тиісті өзгерістер күшіне енеді.

«Ол өзгерістерге сәйкес, мемлекет оқу үшін бөлген шығындарын өтеуге дейінгі шаралар бар. Менімен әңгімелескен кезде сіздер 2018 жылы қабылданған екінші курс және 2019 жылы қабылданған бірінші курстың айырмашылығы бар деп айтқан едіңіздер. Екінші курстағылар – жақында елге аты шыққандар», - деді Жақып Асанов академия ректоры Зәуреш Баймолдинаға қарата.

Жақып Асанов өткен жылы үміткерлерді іріктеу ісін айқындау үшін өткен жылы Жоғарғы сот деңгейінде комиссия құру қажеттігі туындағанын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар