+7 (701) 759 90 19
USD 376.72 EUR 408.67
RUB 5.76 CNY 53.68
Jańalyqtar

Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің тұсаукесері өтті

2019 жылғы 22 желтоқсан 08:36
Бөлісіңіз:
Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің тұсаукесері өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында «Жақсылық» көркем фильмнің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан қаласы туралы жаңа фильм шықты Қарағанды облысында «Қазақфильм» күндері өтеді Әбу-Дабиде «Құнанбай» фильмі көрсетіледі

Фильмнің қоюшы режиссері әрі сценарий авторы – Бақыт Қайырбеков. Көркем фильмді тамашалауға жиналған көрермен кинотеатр залында бос орын қалдырмады. Тіпті жиналғандар біразы фильмді түрегеп тұрып тамашалады. Ал көрсетілімнің соңында олар ұзақ уақыт қол соқты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Mergen studio компаниясы түсірген биографиялық фильм Қазақстанның Еңбек Ері, грек-рим күресінің палуаны, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, СССР-ға еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ ССР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы баяндайды.

Фильмнің тұсаукесеріне ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Үркен Бисақаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақфильм» киностудиясының президенті Арман Әсенов, режиссер Бақыт Қайырбеков бастаған фильмнің түсіру тобы және Жақсылық Үшкемпіровтің өзі қатысты.

«Бүгін қазақ киносы үшін айтулы күн – бүгін біз назарларыңызға қазақтың бағына біткен батыры - Жақсылық Үшкемпіровтың өмірі мен спорттағы жолына арналған көркем фильмді ұсынып отырмыз. Жақсылық ағамызды білмейтін қазақ жоқ. Совет заманында жауырыны жер иіскемеген балуанның спорттағы жетістіктері жылнамада жазулы. Берекелі ісімен де, жайдары-жайсаң мінезімен де көпшіліктің ықыласына бөленген ағамыздың спорттағы жетістіктері мен игілікті істері өзгелерге, əсіресе келешек ұрпаққа үлгі боларлық», - деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Үркен Бисақаев.

«Қазақфильмнің» президенті Арман Әсенов аты аңызға айналған балуанның өмір жолы мен спорттағы жетістігіне арналған фильмнің тұсаукесеріне осыншама халық келгеніне өте қуанышты екенін жеткізді.

«Қазақ спорт тарихында ойып алар орны бар, өмірін спортқа арнаған ағамыз қайтсем де чемпион боламын деп алдына мақсат қойды және оған жету жолында аянбай тер төгіп, қажырлы еңбек етті. Сондықтан да бұл фильм жас ұрпақты тәрбиелеуде, олардың бойындағы патриоттық сезімді оятуда үлгі болар дүние», - деді Арман Әсенов.

Режиссер Бақыт Қайырбековтің айтуынша, бұл оның көркем фильм жанрында түсірген менің алғашқы туындысы екен.

«Картина 48 кг салмақтағы Олимпиада чемпионы болған алғашқы қазақ – Жақсылық Үшкемпіров туралы. Ол түрлі мемлекет дәрежесіндегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінсе де, спортшыға халықаралық ареналарға шығуға мүмкіндік бермеген. Тек 1980 жылы ғана ол Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама алып, әлемдік деңгейде өнерін көрсете алды. Фильм Оңтүстік Қазақстан ауылдарының бірінде дүниеге келген спортшының балалық шағынан бастап, Олимпиада ойындарында жеткен жетістіктеріне дейінгі өмір жолын бейнелейді», - деді режиссер.

Жақсылық Үшкемпіров фильмнің түсіру тобына, актерлерге алғыс аттйы.

«Бұл фильм мен үшін емес, келешек ұрпақ үшін керек. Менің жолымды қуған олимпиада чемпиондары көп болсын деп тілеймін», - деді Жақсылық Үшкемпіров.

Дайындық кезеңде ұйымдастырылған кастинг нәтижесінде Жақсылық Үшкемпіровтің жастық шағы мен ер жеткен кезін Эльнар Назарқұл, Санүржан Сүлейменов және театр актері Олжас Сақ сомдады. Ал 60 жастағы спортшының рөліне Қазақстанның халық артисі, Жезқазған театрының актері Досжан Жанботаев шақырылған.

Айта кетсек, спорттық драма Өскеменде, Алматыда және Алматы облысында түсірілді. 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының сахналары Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында, сондай-ақ Минскідегі (Беларусь Республикасы) «Динамо» стадионында түсірілді. Ал спортшыларға арналған Олимпиада ауылын көрсету үшін түсірілімдер Беларусь еліндегі «Стайки» атты Республикалық олимпиадалық даярлау орталығында өткізілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Спорт, Мәдениет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT