Жаһандық жылыну Венецияны жер бетінен жоқ қылады - CNN

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сенсек, жаһандық жылыну ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұра ескерткіштерінің көпшілігіне қауіп төндіріп тұр. Ғалымдардың Nature журналында жарияланған зерттеуі туралы CNN арнасы хабарлады. 

Мақалада Киль университетінің ғалымдары мәдени ескерткіштерді жаһандық жылынудан қорғау керектігін айтады.

«2100 жылға қарай жаһандық жылыну кесірінен Жерорта теңізі жағасында эрозия 13% артады және су деңгейі шамамен 50% көтеріледі. Бұл өз кезегінде ең алдымен Венецияға, Түркиядағы Эфес, Испаниядағы Таррагона, Самос грек аралы мен Ливандағы Тиросқа кері әсерін тигізеді», деп жазады автор.

«Венецияның жойылатынына күмән жоқ. Уақытын дөп басып айту қиын. Дегенмен, Жерорта теңізін тоқтата алмасақ та, ескерткіштерді сақтап қалуға тырысу керек», - дейді ғалымдар. 

Соңғы жаңалықтар