Жаhандық спутниктік оператор Қазақстандағы ауылдарды интернетпен қамтамасыз етпек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - SES жаhандық спутниктік оператордың бас атқарушы директоры Стив Коллар Қазақстандағы ауылдарда интернетті қамтамасыз ету жоспарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз ғарыш индустриясымен айналысып келеміз және бұл сала маңызды бағыттардың бірі. Индустрияда KazSat-пен және басқа да серіктестермен бірге өзекті саналатын саланы игеріп келеміз. Сондықтан өте бағалы техникалық тәжірибені зерделеп жатырмыз», - деді Стив Коллар Digital Bridge халықаралық технологиялық форумында.

Сонымен қатар ол интернетпен қамтамасыз ету бойынша қазақстандық тараппен бірлескен жұмыс жоспарларына тоқталды.

«Форум барысында 600 ауыл (Қазақстанда) интернетпен тиісті деңгейде қамтылмағаны айтылды. Біз осы орайда бұл бағыттағы жұмысттарды реттей аламыз. Ғарыштың мүмкіндігін пайдала отырып, кез келген контингентті әрі елді мекенді қамтуға болады. Қазақстанда осы жұмыстарды қалай іске асырамыз? Оны жергілікті компаниялармен серіктестік арқылы жүргіземіз. Біз соңғы буындағы тиісті спутниктерді пайдаланбақпыз», - деді С. Коллар.

«KazSat компаниясымен орнатқан серіктестік үшін алғыс білдіргім келеді. Біздің тапсырыс берушілер қандай да бір технологиялармен шектелмеген. Сондықтан біз тетіктерді таңдау кезінде икемді қадамдарды іске асыра аламыз», - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, аталған форумда Қазақстанда 600-ден астам ауыл заманауи телекоммуникациялық технологиялармен қамтылмағаны айтылды.

Сондықтан спутниктік байланыс шешімдері осы ауылдардың аумағын қамтуға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар