Жағажай футболы: Қазақстан Еуролиганың екінші кезеңін жеңіспен бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кеше Италияда жағажай футболынан Еуропа лигасының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирді Нидерланды құрамасына қарсы ойынмен бастаған Қазақстан 6:5 есебімен жеңіске жетті.

Нидерландыға гол соққандар: Виктор Чорный (0'18''), Абылай Ералы (4'58''), Дмитрий Перевёртов (5'20''), Абылай Ералы (10'42''), Баянбек Мұралинов (18'05'') және Игорь Демешко (23'15'').

Бүгін, 17 тамызда біздің құрама команда Чехиямен ойнайды, бүрсігүні Англия құрамасымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар