Зейнеткерлердің шотындағы қаражат туралы ақпарат жария болмайды - Данияр Ақышев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің басшысы Данияр Ақышев Алматыда өтіп жатқан онлайн-конференция барысында Бірінші несие бюросының жұмысы туралы айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кету керек, осыдан бірнеше күн бұрын «Бірінші несие бюросы» компаниясы БЖЗҚ салымшыларының қорындағы қаражат туралы ақпаратты алу мақсатында жұмыс жасалып жатқанын айтқан болатын.

«Бірінші несие бюросы» компаниясы - несие алушының несие тарихы туралы обьективті ақпарат беретін компания. Банктер осы ақпараттардың арқасында несие беру-бермеу туралы шешім қабылдай алады. Несие бюросының реестрінде мәлімет неғұрлым көп болса, соғұрлым банктердің дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік болады», - деді  Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, ешкім зейнеткерлердің шоты туралы ақпаратты алмайды.

«Осы бағытта әріптестік каналдары жоқ. Зейнеткерлердің ақшасы туралы ақпаратты ешкім алуға ұмтылып отырған жоқ. Бұл жерде БЖЗҚ салымшыларының қаржысына келсек, қордағы салым көлеміне байланысты адамның қандай табыс тауып отырғанын көруге болады. Соған байланысты адам несие ала алады»,- деді ол.

Бас банкир БЖЗҚ салымшылары туралы ақпарат құпия ұсталатыны туралы айтты.

«Бұл мәліметтер өте жоғары жауапкершілікпен сақталады. Несие бюросы тарапынан бұған кепілдік берілген. Несие бюросы бұл мәліметтерді өзі үшін жинамайды. Ол барлығымыздың мүддеміз», - деді Ақышев.

Соңғы жаңалықтар