+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Зейнетақы жинағын баспана үшін пайдалану ережелері жарияланды

2021 жылғы 21 қаңтар 23:29
Бөлісіңіз:
Зейнетақы жинағын баспана үшін пайдалану ережелері жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану ережелерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

21 қаңтар күні бекітілген құжаттың толық мәтіні zan.gov.kz сайтында орналастырылды.

Тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетіндер біржолғы зейнетақы төлемін келесі мақсаттарға пайдалана алады:

- тұрғын үйді сатып алу-сату, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау (айырбас жасау) шарттары бойынша, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамаға сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша;

- жеке тұрғын үй салу үшін (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) толық есеп айырысу;

- ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу;

- тұрғын үй қарыздарын ішінара немесе толық өтеу, ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру;

- ипотекалық тұрғын үй қарызын ішінара немесе толық өтеу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жеке тұрғын үй салу (нысаналы мақсаты бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық), тұрғын үй қарызын алу;

- ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу, ислам банкінің тұрғын үй сатып алу жөніндегі мәмілені қаржыландыруы шеңберінде берешекті ішінара, толық өтеу;

- тұрғын үй құрылысы бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде берілген сатып алу құқығымен тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу.

Айта кетейік, ҚР азаматтары біржолғы зейнетақы төлемдерін аталған мақсаттарға шектеусіз пайдалана алады.

Сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемін алушының жұбайы (зайыбы) және (немесе) жақын туыстары атынан өтініш берушіге (-лерге) тиесілі біржолғы зейнетақы төлемдерін аталған мақсаттарға пайдалануға рұқсат берілген. Ол үшін тараптар жеке кабинетте біржолғы зейнетақы төлемдерін беру туралы келісім жасасады. Келісім олардың ЭЦҚ немесе некені (ерлі-зайыптылықты) немесе туыстық қатынастарды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті оператордың ішкі құжатында белгіленген өзге де электрондық тәсілмен куәландырылады.

Мәлім болғандай, жеке меншікте тұрғын үйдің болуы біржолғы зейнетақы
төлемін пайдалануға рұқсат беруден бас тарту үшін негіз бола алмайды.

Алайда, зейнетақы шотындағы қаражат қолма-қол ақша ретінде берілмейді.

Ескертіліп өткендей, жылжымайтын мүлікті өзінің жұбайынан (зайыбынан), жақын туыстарынан сатып алуға болмайды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот шешімі бойынша жылжымайтын мүлікті өткізу жағдайларын қоспағанда, біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып 5 (бес) жыл ішінде меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті өткізуге жол берілмейді.

Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын пайдалана алу үшін «жеткіліктілік шегі» белгіленді.

Зейнетақы шотындағы қаражатты және тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалануға болатын соманы бірнеше жолмен тексеруге болады. БЖЗҚ-дағы қаражатын кімдер және қалай пайдалана алатыны бұған дейін хабарланды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT