Зерттеу: Делдалдар - жемқорлыққа жол ашатын негізгі фигурант

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жемқорлық қаупін туындататын негізгі фигуранттар – делдалдар болып отыр. Арнайы зерттеуге, сауалнамаға қатысқан респонденттер делдалдардың көбеюуін – қажетті коммуникацияның аздығымен байланыстырады. Бұл туралы толығырақ «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Делдалдардың көбін әдетте ведомствоның немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері құрайтын. Кейін олардың қатарына қарапайым азаматтардың өздері де еніп, делдалдардың саны арта түсті. Делдалдардың көбеюуін респонденттер қажетті коммуникацияның аздығымен байланыстырады. Сондықтан «көмекшілер», яғни делдалдар сұранысқа ие бола бастаған», - деді спикер.

Ольга Шиян сонымен қатар қандай лауазымдағы қызметкерлер бейресми жағдайды мәселелердің шешілуіне көбірек араласқанын атап өтті.

«Көбінде олар мамандар және қарапайым қызметкерлер болды. Сондай-ақ басшылардың орынбасарларының үлесі 17%-ды құрайды. Жемқорлыққа итермелеген келісссөздерге не себеп болды? Респонденттер 30-дан астам себепті атаған. Олардың жартысынан көбі «солай ыңғайлы» немесе «мәселе солай тез шешіледі» деп жауап берген. 8%-дан астамы «басқа жол жоқ» деген. Осылайша, респонденттер өз мәселесін жеделдете шешу үшін, яғни қызмет немесе пайда алу үшін бейресми түрде қосымша келісімдер жасауға дайын екенін түсіндірді», - деп қосты Ольга Шиян.


Соңғы жаңалықтар