+7 (701) 759 90 19
USD 432.55 EUR 470.83
RUB 5.84 CNY 61.31
Jańalyqtar

Зерендіде ауруханаға «бомба қойған» 30 жастағы күдікті ұсталды

2020 жылғы 22 наурыз 02:08
Бөлісіңіз:
Зерендіде ауруханаға «бомба қойған» 30 жастағы күдікті ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында террористік акті туралы жалған ақпарат берген 30 жастағы күдікті анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда су өшіріледі деп жалған ақпарат таратқан 54 жастағы әйел ұсталды Қарағанды облысында жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық іс қозғалды Нұр-Сұлтан қаласын зарарсыздандыру үшін ұшақпен дәрі шашылады деген ақпарат жалған

Еске сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай , 21 наурыз сағат 18:15-де Ақмола облысының Зеренді аудандық ауруханасына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат берген адамға іздеу жарияланған болатын.

Іздеу жұмыстарына ПД жеке құрамы, жергілікті атқарушы органдардың, аудан прокуратурасының қызметкерлері, жедел тергеу тобы және өзге қызметтер тартылды.

«Арада төрт сағат салып тәртіп сақшылары Зеренді ауданының 30 жастағы тұрғынын анықтады. Ол 2-ші топтағы мүгедек және «параноидалды шизофрения» диагнозымен есепте тұрған. Ол 2011 жылдың қазан айында терроризм туралы жалған ақпарат бергені үшін істі болған» дейді ведомстводан.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, шара қолдану мәселесі анықталуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT