Зарина Дияс WTA рейтингінде көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) өкілдері рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Алғашқы үштік өзгеріссіз қалды: Румыния спортшысы Симона Халеп көш бастап тұр, одан кейін даниялық Каролин Возняцки мен испан спортшысы Гарбинье Мугуруса келеді.

Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Юлия Путинцева жеке разрядтың рейтингіндегі орындарын өзгерткен. Дияс бір орын жоғары көтеріліп, 47-ші орынға жайғасты, ал Путинцева үш позиция төмен түсіп, 82-ші орынды иеленді. Жұптық разрядта Ярослава Шведова 133-позицияда қалған. 

Соңғы жаңалықтар