Заң бұзған павлодарлықтарға 1 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 9 айында 148163 азамат әкімшілік заңнаманы түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Бұл жол қозғалысы ережелерін, табиғатты қорғау заңнамасын бұзу, ұсақ бұзақылық, отбасы-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар және тағы басқалары», - деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Заң бұзушылық үшін 1 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл салынған.
Әкімшілік айыппұл - Әкімшілік құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және шектерде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) белгілі бір санына сәйкес келетін мөлшерде салынатын ақшалай өндіріп алу.


Соңғы жаңалықтар