Замбияда алғаш рет коронавирустың омикрон штамы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Замбияда алғаш рет коронавирустың омикрон штамы анықталды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Силвия Масебо сенбі күні мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Замбия территориясында үш адамнан коронавирустың омикрон штамы анықталды», - деп мәлім еткен министр Zambia-24 ақпарат порталында.

Қауіпті инфекцияны жұқтырғанның бірі - вакциналанған ер адам. Ол жақында шет елден келген.

Екіншісі де ер адам, ол да вакцина алған әрі шетелге сапарлаған. Үшіншісі - әйел адам, бірақ ол шетелге шықпаған.

Үш науқас та қазіргі кезде ұлттық кардиологиялық ауруханаға жатқызылған.

Замбия - коронавирустың омикрон штамы анықталған африкадағы жетінші ел. Бұған дейін ОАР, Зимбабве, Гана, Ботсвана, Нигерия және Мозамбик елдерінен коронавирустың осы штамы шыққан еді.



Соңғы жаңалықтар