Z ұрпақтың сезімдері онлайн болады –БАҚ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Мыңжылдықтар тоғысында дүниеге келген балалар цифрлық әлемге түсті және оны қалай басқару керек екенін өздері үйренді. Олар әлеуметтік медиада өмір сүреді. Сондай-ақ Z ұрпақ әлем мобильді телефондардан смартфондарға өтіп жатқан дәуірде өсті», деп жазады ВВС.

Автордың айтуынша, Z ұрпақ пайда болғанда ересектер жылдам дамып жатқан технологияға ілесе алмағандықтан, олар өздерін өздері үйретуге мәжбүр болған.

«Z ұрпақ әлем мен телефондар достыққа үлкен әсер ететін уақытта өмір сүреді. Олар тіпті ата-аналарымен ашық әңгімелесуге қиналуы мүмін, себебі ойын алаңында не істеуге болатынын айта алатын ата-ана онлайн әлемнің қыр сырын білмейді», деп жазады автор.

Оның айтуынша, бұл ұрпақтың сезімдері онлайннан басталады.

«Цифрлық әлемге өздері бейімделген ұрпақты одан алыстату қиынға соғады», деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар