Юрий Новгородов: Коронавирустың қаупін жоққа шығару – ақымақтық

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХІХ отырысында дін өкілдері пандемияның діни ахуалға тіигізген әсері туралы ой бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қалаймыз ба, жоқ па, бірақ әлемде соңғы екі жылда өзгерістер болды және оны байқамау мүмкін емес. Пандемия әлеуметтік процестерге айтарлықтай әсер етті. Аурудың бар екенін, оның ауыр асқынулар беретінін жоққа шығару ақымақтық. Мен мұны өзім сезінгендіктен айтып отырмын. Бірақ бұл жағдайды кейде мүдделерге пайдалану кездесетінін байқамау мүмкін емес. Көбінесе адамның құқықтары мен бостандықтары, қозғалыс бостандығы, қоғамдық өмір шектеліп жатады. Темір құралдар қнша мінсіз болса да, жанды қарым-қатынас пен қол алысудың жылуын алмастыра алмайды. Бүкіл әлемдегі локдаундар адамнзаты оқшаулануға мәжбүр етті», - деді Дүниежүзілік лютеран федерациясының өкілі, Қазақстандағы Евангелиялық-лютерандық шіркеудің архиепископы Юрий Новгородов.

Оның айтуынша, ұлттық және діни бөліністерден басқа, вакцина алған және вакцина алмаған таптардың бөлінісі өрши ме деген қауіп бар.

«Қабылданып жатқан шаралардың көбі маңызды және қажет екеніне сенімдімін. Сонымен қатар, олардың ақылға сыйымдылығы және жеткіліктілігі, шамадан тыс болмауы және қоғам мен адами қарым-қатынастың құлдырауына әкелмеуі маңызды. Біз съезіміздің жұмысында мемлекет қайраткерлерімен, саясаткерлермен диалогтың қажеттілігі туралы айтқан болатынбыз. Өйткені олардың қолында биліктің нақты тетіктері бар және олар әлемде болып жатқан көптеген процестерге қықпал етеді. Бірақ саясаткерлерге де, мемлекеттерге де бағынбайтын, сөз бостандығының деңгейін дербес анықтайтын және осы сөз бостандығына ие бола алатын басқа күш пайда болғанын жоққа шығару қиын», - деді архиепископ.

Дін өкілінің сөзінше, осы процестердің бәрі өмір сүру жағдайына, дәстүрлерге жаңа мораль, тың әдеп әкеліп отыр.

«Прогреске қарсы тұру - ақымақтық. Бірақ оның ықтимал кері әсерлеріне бей-жай қарау мүмкін емес. Белгілі бір жаңа нормалар қалыптасқаны анық. Бұл жаңа мәселе қандай болмақ? Мұның бәрі бізге және бізді өкілі етіп отырған қауымдастықтарға байланысты», - деді Юрий Новгородов.


Соңғы жаңалықтар