Юрий Ильин Қостанай облысында су басқан ауылдың жағдайы туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин су басқан Қостанай облысындағы ауылдың жағдайын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде қардың қарқынды еруі Ақмола облысында байқалып отыр. Бұл тұрғыда Жабай өзені маңы, Атбасар ауданы аумағын атап өткен жөн. Осы орайда судың біртіндеп көтерілуі байқалуда», - деді Ю. Ильин.

Сонымен қатар ол еліміздегі өңірлердің басым бөлігінде, оның ішінде Қарағанды және Павлодар облыстары аумағында қар еріп кеткенін жеткізді.

Бұдан бөлек, Ю. Ильин Қостанай облысындағы Қарасу ауданында су басқан ауылдың жағдайына тоқталды.

«Қостанай облысында су басқан ауыл бар, яғни Қарасу ауданындағы ауылда 60-қа тарта үй ауласында су деңгейі көтерілді. Кеше аталған үйлерден эвакуациялау жүргізілді. Тиісті жұмыстар атқарылды. Осы орайда 30-ға жуық үйдің тұрғындары өз баспанасына кіре алады. Менің ойымша, ертең кешке қарай аталған елді мекенге қатысты қауіпті жою мүмкін болады», - деді министрдің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар