Юрий Ильин Ақмола облысының су тасқыны қаупі бар аймақтарын әуеден бақылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Ақмола облысының су тасқыны қаупі бар аймақтарын тікұшақпен әуеден бақылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аумақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің қасында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асқар Мұратұлы мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Алексей Советов бірге болды. Олар Аршалы, Целиноград, Атбасар, Астрахан аудандарының аумағын, сондай-ақ, Нұра, Есіл, Колутон, Жабай, Шағалалы өзендері мен Астана бақылауреттегіші, Преображенский гидрожелісі, ылғалдандырып суару жүйесі, Астана, Бесуатский, Айдабол, Шағалалы су қоймаларын тікұшақпен әуеден бақылап көрді.

«Ақмола облысында біз Нұр-Сұлтан қаласынан Атбасарға дейінгі су тасқынының қаупті тұстарын бақылап көрдік. Жағдай тұрақты. Қыста жауған қардың мөлшері көп болғандықтан бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бұл көшелер мен үйлерді қарғын судан қорғайды. Жалпы алғанда, өңірде жағдай тұрақты, өзендердің көпшілігі қазір мұз астында, бірақ сонымен бірге осы аптада ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Алайда, Атбасар, Талапкер және басқа өңірлерде су тасқынының қаупі жоқ. Ақмола облысының ТЖД күштері мен құралдары карантиндік режимдегі Талапкер және Жібек жолы елді мекендеріне бағытталып отыр. Сонымен қатар, оңтүстік өңірлерден қосымша кұштерді тарту жоспарда бар. Қазір жағдай тұрақты, сондықтан, аптаның соңына дейін шешім қабылдаймыз», - деді Юрий Ильин.

Ақмола облысының төтенше жағдайлар басқармасы атап өткендей, өңірдегі су айдындарында мұздың ери бастағаны айтылды. Шағалалы, Жабай, Есіл өзендерінде мұзы еріп, су көріне бастады.

Жалпы, аймақтағы су тасқынының қауіпі бақылауға алынған. Атбасар, Целиноград, Астрахан және Аршалы аудандарында су тасқынынан қорғау жұмыстарына 147 адам, 62 бірлік техника және 15 сусорғыш тартылған. Жағдай күрделенетін болса, қосымша резервтегі 2410 адам және 1 058 техника тартылады.


Соңғы жаңалықтар