Ыстанбұл: Лаңкеспен шатастырылған Түркіменстан азаматы соққыға жығылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ыстанбұл аудандарының бірінде Түркіменстан азаматы жаңа жыл түнінде түнгі клубта 39 адамды атып өлтірген терроршымен шатастырылып, соққыға жығылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия мегаполисіндегі Reina түнгі клубына шабуыл жаңа жыл түнінде жасалды. Автоматпен қаруланған лаңкес клубты күзетіп тұрған полицейді атып, оның ішінде болған 700 адамға қарсы оқ жаудыра бастаған. Түркия ІІМ дерегіне сүйенсек, 39 адам қаза тауып, 69-ы жарақат алды. Лаңкесті іздестіру шаралары жалғасуда. Рейтер агенттігінің мәліметтері бойынша, аталған терактіні «Ислам мемлекеті» ұйымы  (Қазақстанда тыйым салынған) өз мойнына алды.

Агенттіктің мәліметінше, Пендик ауданының тұрғындары Түрікменстан азаматы К.М.-ды жаңа жыл түні Reina клубына шабуыл жасаған террористпен шатастырып, қолға түсірген. Турист қашпақ болғанымен, қайта ұсталып, соққының астына алынды.

Далба-дұлбасы шыққан турист полиция бөлімшесіне жеткізілді. Бірақ оның әлгі террорист емес екендігі анықталды. Шетелдіктер істері бойынша жергілікті басқарма аталмыш азаматтың визасының мерзімі өтіп кеткендігін анықтап, оны жақын арада депортациялау шешімі қабылданды. 

Соңғы жаңалықтар