Ыстанбұл әуежайында барлық рейстер тоқтатылды
2022 жылғы 25 қаңтар 09:28

Ыстанбұл әуежайында барлық рейстер тоқтатылды

ЫСТАНБҰЛ. Анадолы-ҚазАқпарат –Дүйсенбі күні ауа райының бұзылуына байланысты Ыстанбұл әуежайында барлық рейстер тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Әуе айлағы әкімшілігінің мәлімдеуінше, бұған қалың қар жаууы себеп.

Ал Mynet жаңалықтар порталының хабарлауынша, республикалық маңызы бар автожолдарда қалың қардың жаууы мен апаттарға байланысты кептеліс туындаған. Бірнеше сағатқа Анкара мен Ыстанбұл арасындағы жол, сонымен қатар Ыстанбұл әуежайына апаратын кіреберіс жолдары жабылған.

Қазіргі кезде қалың қар жаууынан солтүстік-батыс провинцияларда, Мәрмәр теңізі аумағында қалыпты тіршілік пен көлік қатынасы бұзылған. Онда бірқатар ауданда орташа алғанда 20-30 сантиметр қар түскен. Сонымен қатар орталық провинциялар мен елдің оңтүстігіне жауын-шашын түскен. Курорттық Анталья, Мармарис пен Бодрумда қар жауады делінген.


Jańalyqtar

MURAǴAT