YouTube-тегі сабақ: Маңғыстаулық мұғалім 150-ге жуық видео дайындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысына қарасты Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Марат Қани «YouTube» платформасында жеке канал ашып, сабақ өткізеді. Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марат Қанидің көрермендер саны 5 мыңнан асқан. Басым бөлігі - мұғалімдер мен оқушылар. Ол елдегі карантинге байланысты бейнесабақтарын жүктеп, әр оқушының сабақ орындау тәртібіне мән береді.

«Республиканың әр түкпіріндегі әріптестерімнің де керегіне жарап жатқаныма қуанамын. Күн сайын олар канал арқылы ізгі тілектерін жолдайды. Бастысы қазақша контенттің артуына тамшыдай болса да үлес қосып жатырмын деп ойлаймын», - деді Марат Қани.

Жас ұстаз биылғы оқу жылындағы ІV тоқсанды қоса алғанда барлығы 150-ге жуық сабақ дайындаған.




Соңғы жаңалықтар