Ықылас, ниетіңіз үшін рахмет - Димаш ҚР Президентіне алғыс айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Instagram парақшасында мынадай жазба қалдырды: «Ықылас, ниетіңіз үшін, аса зор құрметіңіз үшін көп рахмет, Қасым-Жомарт Кемелұлы!».

Ол жазбаның астына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Instagram-дағы сөздерін келтірді.

«Димаш Құдайберген - ән өнеріндегі құбылыс. Нағыз талант иесі. Қазақтың мәдениетін, ән өнерін шартарапқа паш етіп жүрген виртуоз. Кеше қазақтың мақтанышына Өзбекстан жұртшылығы да тәнті болып, өнеріне қол соқты. Димаштың әлі талай биіктерді бағындырарына сенімдімін және тілектеспін», - деп жазды Президент Инстаграм парақшасында.

Соңғы жаңалықтар