Ясауи кесенесінің айналасына ең құнды ағаштар отырғызылады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасына ең құнды ағаш түрлері отырғызылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қожа Ахмет Ясауи кесенесі - ортағасырлық сәулет өнерінің шыңы. Тұтас ұлттың бірегей болмысын айқындап берген Түркістан төріндегі теңдесіз тарихи жәдігердің айналасы абаттандырып, жасыл желекке орануда. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев кесене аумағына ең құнды ағаш түрлерін отырғызуды тапсырды. Мұндағы барлық жұмыстар арнайы мамандардың жіті бақылауында», делінген хабарламада.


Осыдан тура бір жыл бұрын Баку қаласында Түркістан облысының делегациясы UNESCO-ның Lүниежүзілік мұра комитетінің 43-сессиясында маңызды келісімдерге қол жеткізді. Онда Ясауи кесенесі аумағындағы құрылыс объектілерінің дүниежүзілік мұраға әсерін бағалау мәселелері де қаралған болатын. Дәл осы жиында кесененің айналасындағы аумақты абаттандыру бойынша шешім қабылданды.


Облыс әкімі драма театр құрылыс алаңында аралап көрді. 4 қабаттан тұратын ғимараттың жалпы ауданы 9 700 шаршы метр. Барлық талаптарға сай, заманауи үлгіде салынып жатқан мәдени ошақта 510 адамға арналған көрермен залы бар. Ақтөбе облысының Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан драма театрдың құрылысы алдағы күзде аяқталады деп жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар