Якутиядағы сұрапыл өрт бірнеше елді мекенге таяп қалды

None
None
ЯКУТСК.ТАСС -ҚазАқпарат – Якутиядағы сұрапыл өрт 8 елді мекенге таяп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Өңірлік экология министрлігінің баспасөз қызметінің сәрсенбі күнгі мәліметінше, 5 км-ден аз қашықтықта арнайы бақылауға алынған бес дала өрті бар. «Бұл Оймякон ауданындағы Хара-Тумул ауылы, ал Горный ауданындағы Ерт, Дикимдя, Магарас және Кюерелях ауылдары. Сонымен қатар, 10 км-ден аспайтын қашықтықта үш табиғи өрт ошағы бар: Горный ауданында - Кептин және Бясь-Кюель ауылдары, Сунтар ауданында - Кемпендяй ауылы», - делінген хабарламада.

Агенттіктің дерегінше, 14 ауданда 83 орман өрті сөндіріліп жатыр, оның 10-ы ауыздықталды. Саха (Якутия) Республикасы аумағындағы орман өрттерін сөндіру үшін базада 14 ұшақ орналасқан.

«Бүгінде Сунтар ауданындағы өртті сөндіру үшін үш Бе-200 ұшағы мен екі Ил-76 ұшағын пайдалану жоспарланып отыр. Ресей Қорғаныс министрлігінің Ми-8 тікұшағы Хагаллас ауданындағы «Ленские столбы» ұлттық саябағы аумағында жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, авиация Верхневилюйский мен Ленск аудандарында қолданылады. «Горный, Вилюй және Нюрба аудандарында жасанды жауын-шашынға арналған Ан-26 зондтау ұшағы жұмыс істейді», - деп толықтырды министрлік.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің аймақтық штабының хабарлауынша, Якутияның 13 аймағында өрт қаупі жоғары болып отыр.


Соңғы жаңалықтар