Ядролық сынақ құрбандары: Алматыда Кәріпбек Күйіковтің көрмесі ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші, ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстың белсенді мүшесі Кәріпбек Күйіковтің жеке көрмесі ашылады.

Экспозицияға автордың 50-ге жуық картинасы қойылды. Онда ядролық сынақ тақырыбындағы көріністер бейнеленген.

К.Күйіков Семей ядролық полигонынан 100 метр қашықтықта орналасқан Егіндібұлақ ауылында 1968 жылы дүниеге келген. Ядролық сынақ зардаптарын өз көзімен көрген. Туғанынан қос қолы жоқ суретші туындыларын тісінің немесе аяқтарының көмегімен салады. Күйіков «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалыстың негізін қалаушылардың бірі.

Ол АТОМ жобасының құрметті елшісі ретінде БҰҰ және Құрама Штаттар Конгресі өкілдері алдында ядролық қаруға қарсы тақырыпта сөз сөйлеу үшін түрлі конференциялар мен шараларға ұдайы шақырылып тұрады.

Көрме ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар