Wildberries Қазақстанда ірі логистикалық орталықтар салады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Wildberries халықаралық компаниясы Қазақстанда ірі логистикалық орталықтар салады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, 43 қазақстандық компания Alibaba-ның алтын аккаунтында сауда жасайды, тағы 3 компания витрина дайындауда. 21 қазақстандық компания Wildberries-те сауда жасайды.

Сауда және интеграция министрлігі Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту аясында қазақстандық компаниялардың осы алаңдарға шығуы жөнінде Alibaba, Ebay, Amazon және Wildberries компанияларымен келіссөздер жүргізуде.

Б. Сұлтановтың айтуынша, 2022 жылдың соңына дейін Wildberries компаниясы Қазақстанда инвестициялық жобаны іске асырады. Осы орайда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында шамамен 5 мың жұмыс орнын құрып, алаңы 100 мың шаршы метр болатын логистикалық орталықтар салынады.


Соңғы жаңалықтар