WBA чемпионы Головкинмен болатын жекпе-жектің мерзімін жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –WBA нұсқасы бойынша орта салмақта әлемнің «уақытша» чемпионы титулының иегері кіші Крис Юбэнк жаңа промоушнмен келісімшартқа қол қою оған арманындағы жекпе-жекті, атап айтқанда IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкинмен кездесуге мүмкіндік береді деген үмітте, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақында ғана Юбэнк ағайынды Калле мен Ниссе Зауэрляндтармен (Team Sauerland) ынтымақтастықтың басталғанын жариялап, олардың көмегімен мансабын жаңа деңгейге көтеруге үміттенетінін айтты.

— Жасыратыны жоқ, мен біраз жылдан бері Головкинмен жекпе-жек өткізуді қалап жүрген едім. Олар (ағайынды Зауэрляндтар) маған соған жетуге мүмкіндік береді. Бұл тіпті, керемет! Бұдан бәрі де ұтады. Жанкүйерлер де, боксшылар да. Сондықтан мен 2021 жылы осы жекпе-жекке қол жеткізе аламын деп үміттенемін, — деді британдық IFL TV-ға берген сұхбатында.


Соңғы жаңалықтар