+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Walt Disney-дің және «Маша мен аю» жобасының мамандары қазақ аниматорларына дәріс оқиды

2021 жылғы 28 қазан 12:34
Бөлісіңіз:
Walt Disney-дің және «Маша мен аю» жобасының мамандары қазақ аниматорларына дәріс оқиды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық аниматор-мультипликатор мамандар «Маша мен аю», Disney және «Союзмультфильм» секілді студиялардың мамандарының дәрісін тыңдай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Әлемге танымал мультфильмдердің жарық көруіне тікелей атсалысқан мамандар Түркістанда өтетін халықаралық ÁMEN анимациялық фильмдер кинофестивалінде арнайы дәріс оқып, тренингтер өткізеді.

«Өз қызметін «Союзмультфильм» студиясынан бастап, америкалық World Disney студиясында шыңдалған суретші-аниматор Александр Дорогов фестиваль қатысушыларына идеядан бастап, анимациялық фильмді бейнелеуге дейінгі процесті баяндап, басты кейіпкерді іздеудің қыр-сырын түсіндіреді. «Қап, бәлем, тұра тұр!» (Ну, погоди), «Мулан», «Арыстан патша» (The Lion King), «Фиксиктер», «Лило мен Стич» (Lilo & Stitch) екілді әлемге танымал жобаларға қатысқан маманның дәрісі онлайн өтеді. Ал британ сарапшысы, «Zontul films limited» анимациялық компаниясының директоры, профессор, жазушы Тим Уилсон онлайн дәрісінде Батыс анимация саласының ерекшеліктеріне тоқталып, жеке тәжірибесін ортаға салады», - деп хабарлады кинофестиваль ұйымдастырушылары.

Тағы бір ағылшын маманы қатысушыларға деректі фильм түсіруде анимация элементтерін қолданудың ұтымдылығы жайлы айтып береді. Кинорежиссер, жазушы және суретші Оливер Гай-Уоткинс түсірген деректі фильмдер әлемге танымал кинофестивальдердің жүлдегері атанған. Жазушылық қырынан танылған Уоткинстің көркемсурет туындылары да көрмелерге жиі қойылады.

Қонақтар қатарында күллі әлем балаларына ерекше танымал «Маша мен аю» жобасының режиссері Наталья Мальгина бар. Ресейлік маман онлайн дәріс барысында 40-тан астам тілге аударылған «Маша мен аю» туындысының жасалу барысына тоқталады.

«Түркістанға арнайы келген Түркия анимация саласының үздіктері Мусаб Гүндүз бен Мұстафа Ахмет Қара фестиваль қатысушыларымен тілдесіп, тәжірибелерімен бөліседі. Анимация режиссері, комикс және қозғалыс суретшісі Мұстафа Ахмет Қара комикс жасаудың қыр-сырына тоқталса, Cordoba анимация студиясының негізін қалаушы Мусаб Гүндүз аудиторияның жас ерекшелігіне қарай жоба жасаудың негіздерін таныстырды», - дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ, фестиваль қонақтары Қазақстанның үздік анимациялық киностудияларының көрмесін тамашалап, анимация жасаудың ерекшеліктерімен танысады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT