WADA Қазақстанның допингке қарсы зертханасына аккредитациясын қайтаруы мүмкін

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова елімізде допингке қарсы шараларды күшейту жұмыстары қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Допинг қолданатын спортшылар мен бапкерлерге, басшыларға әкімшілік және тәртіптік жазалар қатайды. Ол бойынша дисквалификациялау, ақшалай сыйақыны қайтарып алу, Олимпиада жеңімпаздарына берілген тұрғын үйді қайтарып алу, материалдық қамтамасыз ету төлемдерін тоқтату, спорттық атақты қайтару секілді шаралар қолданылады. Спортшыға допинг тағайындағандарға 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Спорт саласындағы бюджеттен тыс қаражатты тарату бойынша бірыңғай оператор тағайындалды», - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ алаңы арқылы халық алдында есеп беру кездесуінде.

Ақтоты Райымқұлова 2016 жылдан бастап спортшылардың допингке қарсы зертханасы Дүниежүзілік антидопинг агенттігінің (World Anti-Doping Agency — WADA) аккредитациясынан айырылғанын мәлім етті.

«Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық олимпиада комитетімен бірлесіп, оны қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Қазіргі таңда зертхана аумағы 1700 шаршы метрлік жаңа ғимаратқа көшірілді. WADA стандартына сай жаңа құрылғылар алынды. Бірлескен жұмыстың арқасында зертхана WADA аккредитациялары қалпына келтірілуі мүмкін тізімге енді», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Соңғы жаңалықтар