Волонтерлік қызметтің рөлі күн сайын артып келеді - Дмитрий Фришин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Волонтерлік қызметтің рөлі күн сайын артып келеді. Мұндай пікірді Еуропа мен ТМД бойынша өңірлік кеңсе үйлестірушісі Дмитрий Фришер білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әсіресе Орталық Азияда, Қазақстанда ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру басымдықтардың біріне айналып отыр. Ол мемлекеттің әлеуметтік, сонымен қатар экономикалық дамуына ықпал етеді. Мен мұндай шаралардың ұйымдастыруына және өткізілуіне қолдау білдіремін. Өйткені, ол ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру индикаторы және әлеуметтік-экномикалық даму үшін табыс кепілі саналады. Шындығында, бүгінде біз бүкіл әлемдегі, сондай-ақ жекелеген ел, қоғамдастық деңгейіндегі волонтерлік қызметтің рөлі жайында сөз қозғап отырмыз. Бұл рөл күннен күнге артып келе жатыр. Біз тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ұмтыламыз. Өйткені, бұл барлық Үкіметтер жасақтаған әрі мақұлдаған басымдықтар саналады», - деді ол «Даму тарихы: іштей көзқарас» атты 11-ші жыл сайынғы халықаралық конференцияда.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта коронавирус індеті тұрақты даму мақсатындарына қол жеткізу жолында қосымша кедергілер туындатып отыр. Орын алған жағдай бүкіл әлем тұрғындарын іс жүзінде барынша күрделі құбылысқа тап қылды. Ал оған әлем жұртшылығы дайын болмай шықты.

«Волонтерлік қызметті дамыту елдер арасындағы байланысты барынша төмендетуге мүмкіндік берді. Себебі волонтерлер жұмыстың жаңа бағытына көшіп, цифрлық волонтерлік дамыды. Бізде барлық өңірлер бойынша бірқатар жақсы тәжірибе бар. Бұл тәжірибелер волонтерліктің қуатын білдіреді. Волонтерлер барлық жерде кез келген уақытта көмекке келеді. Бұл олардың қандайда бір материалдық емес немесе материалдық көмекті тікелей көрсету ғана болған жоқ. Бұл өзіндік сипаттағы инновацияға да айналды», - деді Дмитрий Фришер.


Соңғы жаңалықтар