Волонтерлер ақпараттық пандемиямен қалай күресті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Волонтерлер коронавирус індеті тарап тұрған кезде ақпараттық пандемиямен күреске де үлкен үлес қосты. Мұндай пікірді Еуропа мен ТМД бойынша өңірлік кеңсе үйлестірушісі Дмитрий Фришер білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус індетінен бөлек ақпараттық пандемия да бар. Ақпараттық пандемия осы уақытта басталған дәйексіз ақпараттар санының көптігін білдіреді. Індет кезеңінде волонтерлер медицина мамандарымен келісілген дұрыс ақпаратты тарату барысында қуатты күшке айналды. Бұл толықтай алғанда індет салдарын төмендетуге септігін тигізді. Волентерлер коронавирус жағдайында барынша жаңартылған ақпаратты қосу үшін есепке алу жүйелерін өзгертті», - деді ол «Даму тарихы: іштей көзқарас» атты 11-ші жыл сайынғы халықаралық конференцияда.

Оның атап өтуінше, волонтерлер төтенше жағдайлар бойынша жоспар әзірлеу жұмысына да жұмылдырылды. Ал мұндай азаматтық қатысу ауқымын бағалау өте қиын.

«Қазақстанда волонтерлік бойынша заңнаманың дамып жатқандығын көру қуантады. Шындығында әлемдік және халықаралық деңгейге шығу жаңа білім алумен қатар Орталық Азия елдерінде жинақталған тәжірибені беру үшін де басымдық саналады. Өткен жылы Қазақстан алғашқы қадам жасады. Бүгінде елдеріңіздің барлық өкілдіктері тұрақты даму жобаларына көмек көрсетіп жатыр», - деді пікірді Еуропа мен ТМД бойынша өңірлік кеңсе үйлестірушісі Дмитрий Фришер.


Соңғы жаңалықтар