Волонтерлер 700 мың адамға мемлекеттік қызметті қашықтан алуды үйреткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «электрондық үкімет» порталын қолданушылардың санын еріктілердің көмегімен көбейтпекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пандемия кезеңінде еріктілер халықтың «электрондық үкімет» порталын пайдалануына белсенді көмектескен. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев осындай мәлімет айтты.

«2020 жылы Агенттік «электрондық үкімет» порталы арқылы қызмет алу халықты үйрету үшін еріктілер жұмысын ұйымдастырды. Барлық өңірлер бойынша 400-ден астам ерікті жұмылдырылып, 700 мыңдай азамат цифрлық мемлекеттік қызметтерді алу әдістерін үйренді. Биыл да еріктілер халықты мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкімет» порталы арқылы және оның мобильді қосымшасы арқылы алуға үйретіп жатыр», - деді Дархан Жазықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.


Соңғы жаңалықтар