+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Волейболдан жоғары лига командалары арасында Қазақстан чемпионы анықталды

2021 жылғы 20 сәуір 22:40
Бөлісіңіз:
Волейболдан жоғары лига командалары арасында Қазақстан чемпионы анықталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында жоғары лиганың әйелдер командалары арасында ҚР ХХІХ чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бес турдың қорытындысы бойынша БҚО-ның «Грация KZ» командасы 60 ұпаймен бірінші орынға ие болды.

Оралдықтардан бір ғана ұпай кем жинаған «Тараз» командасы күміс жүлдегер атанса, «Қостанай» клубы (55 ұпай) үздік үштікті түйіндеді.

«Грация KZ» командасын ұзақ уақыт бойы өткен жылы өмірден озған білікті бапкер Көлеңке Ғұбашев жаттықтырып келді. Оның қоластынан Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында биыл бесінші рет ел чемпионы атанған өскемендік «Алтайдың» капитаны Сана Анарқұлова, сонда ойнап жүрген Зарина Сейтқазинова сынды шебер волейболшылар тәрбиеленіп шықты. Қазіргі кезде клубқа оның зайыбы Нұрсұлу Ғұбашева бапкерлік етуде.

«Біз жоғары лигада 2008 жылдан бері өнер көрсетіп келеміз. Бұған дейін үш рет қола, екі дүркін күміс жүлдегер атанған едік. Биыл алғаш рет алтын жүлдеге қол жеткіздік. Сондай-ақ команда Қазақстан жазғы спартакиадасында 2015 жылы үшінші, 2019 жылы екінші орыннан көрінді. Енді Ұлттық лигада да ойнайтын кез келді деп ойлаймын», деді ҚазАқпарат тілшісіне Нұрсұлу Ғұбашева.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Алтайдың» бесінші рет ел чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT