Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионаты финалдық сатысына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық волейбол федерациясы әлемдік рейтингке сәйкес, қазақстандық волейболшыларды дүбірлі додада бақ сынайтын құрамалар тізіміне енгізді. Әлемдік рейтингте олар 23-ші орында тұр.

Айта кетерлігі, әлем чемпионаты 2022 жылдың 23 қыркүйегі мен 15 қазаны аралығында Нидерланды және Польша мемлекеттерінде өткізіледі. Оған барлығы 24 құрама қатысады. Еуропадан - Бельгия, Болгария, Чехия, Германия, Италия, Нидерланды, Польша, Ресей, Сербия, Түркия бақ сынаса, олардың қатарына Азиядан - Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Таиланд қосылады. Ал Солтүстік Америкадан - Канада, Доминикан Республикасы, Пуэрто-Рико, АҚШ, Оңтүстік Америкадан - Аргентина, Бразилия, Колумбия, Африкадан - Камерун мен Кения құрамалары сайысқа түседі.

Қзақстандық волейболшылар әлем чемпионатына бесінші мәрте қатысқалы отыр. Олар 2006, 2010, 2014, 2018 жылдары аталған додада бақ сынады. 2014 жылы 1/8 финалға дейін жетті.


Соңғы жаңалықтар