Vogue журналы коронавирустан қайтыс болғандарды еске алу үшін бірінші рет ақ мұқабамен шығады

None
None
МИЛАН. ҚазАқпарат – Италиялық Vogue сән журналының бас редакторы Эмануэль Фарнети өзінің Instagram парақшасында журналдың келесі саны ақ мұқабамен шығатыны туралы пост жариялады. Ол ақ түсті «құрмет, жаңару және үнсіздік» белгісі ретінде таңдағанын атап өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі Dailymail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналды ақ мұқабамен шығару туралы идея шығармашылық директоры Фердинандо Вердериге тиесілі.

Эмануэль Фарнети көп уақыт жұмыс істеген жобаларды кейінге ысырып қойғанын мәлім етті. Оның айтуынша, журналдың бағыты шынайы өмірден алыстамауы керек.

Ол Instagram парақшасында ақ мұқабамен жарық көрген журналдың суретімен бөлісіп, «Vogue Italia-ның сәуірдегі шығарылымы 10-ы, яғни жұма күні жарық көреді» деп жазды.

Ақ түсті неліктеген таңдағанын ол былайша түсіндірді: «Толығымен ақ мұқаба шығару идеяның жоқтығын білдірмейді. Ақ түс көп мағына береді. Ақ – біріншіден, құрмет белгісі. Ақ – жаңғыру, қараңғыдан кейінгі жарықты, барлық түстің қосындысын білдіреді. Ақ – біз үшін өз өмірлерін қатерге тігіп жүрген адамдардың бірыңғай формасының түсі».

Нөмірде карантин кезіндегі сән тақырыбы қозғалады. Нөмірді шығару үшін 40-тан астам қызметші (фотографтар, сәнқойлар, стилистер, креативті директорлар, визажистер) жұмыс істеген. Олар өзіне, отбасы мүшелеріне немесе достарына интернет арқылы сән үлгісін көрсету үшін жеке коллекциясындағы киімдерді пайдаланған.

Авторы: Раушан Қоңырбаева


Соңғы жаңалықтар