Владимир Путин ҰҚШҰ елдері Президенттерін Мәскеуге шақырды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Ресей Президенті Владимир Путин ҰҚШҰ-ға мүше елдердің президенттерін 2020 жылы 9 мамырда Мәскеудегі Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған шараларға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы біз баршамыз бірге Ұлы Жеңістің 75 жылдығын атап өтеміз. Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымындағы барлық елдерде естелік-мемориалдық, әлеуметтік, мәдени-ағартушылық шараларды өткізуді қарастыратын нақты жоспар келісілді. Ұйымға мүше елдер мемлекет басшыларын 2020 жылы 9 мамырда Мәскеуде өтетін салтанатты шараларға келуін күтеміз», - деді В. Путин Бішкекте ҰҚШҰ Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесі сессиясының кеңейтілген құрамдағы отырысында.

Айта кетейік, бүгін Бішкекте мемлекет басшыларының қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Ұжымдық Қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян қатысты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымындағы төрағалық Қырғызстаннан Ресейге өтті.

Соңғы жаңалықтар