Вирусқа қарсы дәрі сатқан ақтөбелікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық экономикалық тергеу департаменті дәрі-дәрмекті заңсыз сатқан қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде дәрі-дәрмек сатқан қала тұрғыны анықталды. Жедел іздестіру кезінде пәтерден ондаған дәрі табылды.

«Дәріханада жоқ дәрігер табылды. Пайда табу үшін күдікті пәтерінде сатқан. Құны 1 миллион теңгеден астатын дәрі мен ақша тәркіленді. Қылмыстық кодекстің «Заңсыз кәсіпкерлік» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталды», - деді облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысының міндетін атқарушы Артур Хайрутдинов.


Соңғы жаңалықтар